Шығыс Қазақстан облысында су деңгейі күрт көтеріледі, су тасуы мүмкін - 4 шілдеге арналған ауа райы болжамы
деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-нан.
4 шілде күні Қазақстан аумағының көп бөлігі атмосфералық фронтальдық ағымдардың ықпалында болады, олармен бірге жаңбыр жауып, республиканың шығысында кейбір жерлерде өте қатты нөсерлетеді, бұршақ түсуі мүмкін. Кейбір жерлерде найзағай жарқылдап, жел күшейеді.
Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облысында кейбір жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с жылдмадықпен соғуы күтілуде, бұршақ түсуі мүмкін. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталуда.
Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде күн қатты ысиды.