Шығыс Қазақстан облысында жол ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 10 ақпанда сағат 09:20-да жол ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында 10 ақпанда сағат 09:20-да «Алматы-Өскемен» авжолының 615-768 шақырымы «Алматы обл.-Аягөз қ.» учаскесінде қозғалыс ашылды.

Еске сала кетейік, 9 ақпан күні ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысының бірқатар жолында көлік қозғалысына шектеу енгізілген болатын.