Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев кенішінде өрт болды

АСТАНА.  Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат -   Сейсенбі күні  Шығыс Қазақстан  облысындағы Артемьев    кенішінде    өрт болды,

деп   хабарлады Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Әкімшілік-тұрмыстық кешен  ғимаратынан өрт шықты.   Жалын   380  шаршыметр  ауданға  жайылды.     Сағат 07.30-да  басталған  тілсіз жауды  өрт сөндірушілер    сағат 15.03-те ауыздықтады.

Сол күні сағат 11.48-де Алматы    үй құрылысы комбинатының аумағында да өрт болды.     150 шаршыметр  ауданды   өрт шалды. Өрт ошағы  сағат 12.26-да сөндірілді.  Зардап шеккендер  мен  құрбан болғандар жоқ.