Шығыс Қазақстан облысындағы «Мақаншы-Бақты» жол уаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

None
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Шығыс Қазақстан өңіріндегі автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, қатты боран мен жолдың көрінуі нашарлауына байланысты бүгін сағат 12:00-ден бастап «Қазақавтожол» РМК-ның шешімі бойынша «Мақаншы-Бақты» автожолындағы 128-187 шақырымдарында көліктердің барлық түрлері үшін жолға шығуға шектеу қойылды.

Айта кетейік, еліміздің басқа өңірілерінде республикалық маңызы бар автожолдар қазіргі кезде ашық. Жалпы 2010 жылдың желтоқсанынан бері көктайғақ, боран және шыңылтыр аяздың салдарынан еліміз автожолдарында көлік қозғалысына 96 рет шектеу қойылды.