Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде су тасуы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында өзендерде су тасуы ықтимал. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

«Наурыздың 31-і мен 2 сәуір аралығында жоғары температуралық фонға және жауын-шашынға байланысты Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейінің көтерілуі ықтимал.  Осыған байланысты су басу қаупі бар және су тасуы мүмкін», - делінген хабарламада.