Шығыс Қазақстан облысынде күндіз бұршақ жаууы ықтимал - 26 маусымға арналған ауа райы болжамы

None
АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында ауа райының тұрақсыздығы сақталуда, атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, епкінді жел соғады деп күтілуде.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе облысының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде, Шығыс Қазақстан облысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысында түнде кей жерлерде тұман болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қызылордада, кей жерлерде Атырау облысында, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақмола облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Ақмола, Павлодар, Атырау, Шығыс Қазақстан, кей жерлерде Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күн қатты ысиды.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.