Шығыс Қазақстан облысының 110 елді мекенін су басу қаупі бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО-ның таулы аудандарындағы қардың мөлшері нормадан бір жарым-екі есе асқан. Қардың шамадан тыс көп болуы 110 елді мекенде су тасқыны қаупін тудырып отыр, деп хабарлайды YK-news.kz.

«Әдетте, су тасқыны кезеңінде ең қиын жағдайға Зыряновск және Қатонқарағай аудандары тап болады, сондай-ақ табиғи апат сәуірдің соңы мен мамыр айының бас кезінде орын алуы ықтимал, - деп хабарлады ШҚО ТЖД төтенше жағдайларды ескерту бөлімінің бастығы Алексей Штыкель. - Сонымен қатар, Ертіс өзенінің иректелуі салдарынан Бесқарағай ауданында сең кептеліп, су  жиегінен тасып кетеді. Бұдан басқа, таулы өзендердің көптігіне байланысты Тарбағатай, Үржар, Зайсан аудандарында су тасқыны қаупі сақталады».

Маманның айтуынша, қазіргі таңда облыстағы 110 елді мекенде көктемгі су тасқынының болуы ықтимал.