Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының тікелей эфирінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әкімдіктің жедел телефонына бес күнде 140 шақты сұрақ түскенін айта кету керек. 1 сағаттық эфирде әкім телекөрермендердің 14 сауалына ғана жауап бере алды. Аймақ тұрғындары халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық, индустриялық-инновациялық даму, энергия үнемдеуші технологияларды қолдану, аграрлық сектордың келешегі, жолдарды, ғимараттардың қасбеттерін және аулаларды жөндеу мәселелеріне қатысты сауалдарды көп қойған.
Телеэфир соңында әкім көрермендерге белсенділіктері және мүдделіліктері үшін алғыс айтып, қойылған барлық сауалға жауаптың міндетті түрде берілетінін, ал тікелей эфирдегі кездесулер бұдан былай тұрақты өткізіліп тұратынын айтты.