деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Жаңа бастықты облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамына министрдің орынбасары, полиция генерал-майоры Александр Кулинич таныстырды.
Александр Кулинич өз сөзінде атап көрсеткендей, «Шығыс Қазақстан аумағы жағынан үлкен, қылмыстық көрсеткіші жағынан күрделі өңірлердің бірі. Ішкі істер органдарында жауапты, жоғары лауазымды қызметтер атқарған көпжылдық тәжірибесі бар Қалмұханбет Қасымов заңды тәртіпті қорғауда және қылмыспен күресте аймақ полициясына лайықты басшылық ететін болады».