Қазір құтқарушылар Тарбағатай ауданындағы Омбы-Майқапшағай жолында қалып қойған 4 көлікті қардан шығарып алуда. Қалың қар мен жолдың нашар көрінуі облыс жолдарындағы көлік қозғалысына кедергі келтіріп отыр.
Ауа райының құбылуы мен қалың жауған қар сонымен қатар, қар көшкініне себеп болуда. Өскемен-Таулы Үлбі-Северное тас жолының 16 шақырымын таудан көшкен қар жауып қалды. Қазір жол қардан тазартылды, аймақ жолдары барлық бағытта ашық. «Қазселденқорғау» мамандары қауіпті деген учаскелерді қадағалауда.