«Кірген бетте үйдің түтіндегенін байқадым да, дереу құжаттарымды жиыстыра бастадым», - деді үй иесі. Ол үйге ауа кірсін деп есікті ашқан. Жолда кетіп бара жатқан әйел лаулап жатқан өртті көріп, өрт сөндіру қызметіне хабарласты.
Келген қызметкерлер өмірлерін қатерге тігіп, үйден сыртқа газ баллонын алып шықты. Үйдің ағаш конструкциялары, есік, төбелері жанды. Үй екі пәтерлік. Өрт сөндірушілердің сауатты іс-қимылы нәтижесінде үйдің екінші жартысын өрттен сақтап қалды. Нұсқа ретінде сымның қысқа тұйықталуы қаралуда. Жалын шарпыған аумақ сексен шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.
Жалынды жеке құрамнан он адам екі бірлік техникамен ауыздықтады.