Шығыс Қазақстан: Шар қаласындағы кітапханаға кітаптар алуға 4,5 миллион теңге бөлінді

Фото: None
СЕМЕЙ.  Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - /Лина Славина/ -   Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласының кітапхана  қоры  жылдың басынан   бері  6,5 мыңнан  астам      кітаппен   толықты.  

Жарма аудандық  ішкі саясат бөлімінің    мәліметі  бойынша,  ағымдағы    жылы жаңа кітаптар алуға жергілікті  бюджеттен  4 миллион  500 мың теңге  бөлінген.

Жаңадан  алынған  кітаптардың   ішінде - Абайдың, Мұхтар  Әуезовтың,  Әзілхан  Нұршайықовтың,    басқа да көптеген     қазақстандық жазушылар  мен  әлем әдебиеті  классиктерінің   туындылары бар.   Кітапхана оқырмандары   сондай-ақ, психология,  экономика,  құқықтану    бойынша анықтама  материалдарға  да қол жеткізе алатын  болды.    Балаларға арналған   әдебиеттердің тізімі  де   анағұрлым кеңейіп  отыр.