Шығыс Қазақстан түрмелерінде 10 түрлі ұлт өкілі қызмет атқарады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы түрмелерде 10 түрлі ұлт өкілі қызмет атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметі
ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай этностар фестивалі өткен.
Департамент қызметкерлері түрлі ұлттардың киімдерін киіп, 7 киіз үйде бас қосты.
Бүгінгі таңда облыстық қылмыстық атқару жүйесінде 10 түрлі ұлт өкілі қызмет атқарады. Олардың ішінде өзбек, әзірбайжан, украин, корей, татар, грузин және белорус бар.
«Шара барысында Қазақстан аумағында тұратын түрлі этностардың салт-дәстүрі, мәдениеті таныстырылды. Ұжымымыз киіз үйлерді өздері жасады. Біз көп уақыттан бері әр ұлттың мерекелерін бірге тойлап келеміз. Бұл әріптестерімізді біріктіріп, достастыра түседі», - дейді №16 түзету мекемесі бастығының орынбасары Бақытжан Ниязбеков.
Этностар фестивалінде ҚАЖ қызметкерлері сан алуан ұлттық тағамдарды дайындап, сахнада ән айтып, би биледі.
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.