Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағында 5 сервистік-дайындау орталықтары ашылады

None
СЕМЕЙ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан жәнен Павлодар облыстарының аумағында 5 сервистік-дайындау орталықтарын ашады,

деп хабарлайды «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Павлодар облысында олар Ертіс ауданының Қызылжар және Қашыр ауданының Песчаное ауылдарында жұмыс істейтін болады. Ал Шығыс Қазақстан облысында мұндай орталықтар Абай, Жарма және Үржар аудандарында ашылмақ.

Корпорацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ертіс» ӘКК орталықтарды ашу есебінен тауар өндірушілерге жабдықтаудан бастап, өнімді өткізуге дейінгі қызметтерді көрсетпек, бұл өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа құрылымдар сонымен қатар шаруаларға өнімдерді тасымалдауға, сақтауға, алғашқы өңдеуден өткізуге және өнімдерді орауға, кадрларды даярлауға және қайта даярлауға, консалтингтік, заңгерлік, маркетингтік және басқа да қызметтеоді ұйымдастыруға көмектеседі.

Корпорация мамандарының алдын ала есептеріне қарағанда, бұл инвестицяилық жобаны жүзеге асыру жыл сайын 150 тоннаға дейін аймақ халқын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етеді. Сервистік-дайындау орталықтарын құруға ӘКК 600 миллион теңге қаржы жұмсауды көздеп отыр.  Инвестициялық жобаны жүзеге асыру 130 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл орталықтар 2009 жылдың 4-інші тоқсаны мен 2010 жылдың 3-інші тоқсаны аралығында құрылады.