Шығыс Қазақстанда 108 елді мекенді су басу қаупі бар

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 108 елді мекенді су басу қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізу бойынша құрылған комиссия жұмыс істеуде.

Оның құрамына құтқарушылар, жергілікті атқарушы және мүдделі органдардың өкілдері кіріп отыр. Бүгінде облыстағы барлық су тасқыны қаупі бар аумақтар тексерілуде.

«Су басуын болдырмау үшін жағалауды бекіту және түбін тереңдету, бөгеттерді жөндеу, арнаны реттеу және басқа да алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Комиссия мүшелері азаматтарды уақытша орналастыру пункттерін, техниканың жай-күйі мен инертті материалдар қорын мұқият тексеруде», - делінген ақпаратта.

Шығыс Қазақстандағы қар жамылғысының биіктігі 7-ден 95 см-ге дейінгі аралықта.

Қазіргі уақытта аймақта гидрологиялық жағдай тұрақты, су деңгейі төмен.

«Жалпы облыс бойынша 108 елді мекенді су басу қаупі бар. Су тасқынын болдырмау үшін 7 аудандағы өзендерде профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілетін учаскелер анықталды», - делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар