10:06, 17 Наурыз 2009
Шығыс Қазақстанда 12 ауыл жарықсыз отыр
АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында 12 ауыл жарықсыз қалып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұдан бұрын хабарланғандай, наурыздың 12-сінде болған боранның салдарынан бірнеше ауданда трансформаторлық подстансалар өшіп қалған болатын. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша, Бурылағаш, Белтерек, Қаратоған, Нергота, Первомайка, Чалобай, Балықтыкөл, Қатанбұлақ, Егінбұлақ, Асқаралы, Жарық, Түркісіб елді мекендері жарықсыз отыр. Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық кешеннің арнайы бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.