Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Оның айтуынша, тәртіп сақшыларына бұл оқиғаны қыздың анасы жеткізген. Арнайы тексеру барысында мәлім болғанындай, Зырянов қаласының 41 жастағы тұрғыны өзінің 6 сыныпта оқитын 13 жасар өгей қызын 2009 жылдан бері өз үйінде зорлап келген. Өгей әке қызына болған оқиғаны біреуге жеткізген жағдайда оны өлтіретінін айтып қорқытқан. «Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық әрекет бойынша іс қозғалды», - деді Н.Ораз.