Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлім етті.
«Өңірде 20 ақпаннан бастап 1А санатындағы елдерден келген 79 адам карантиндік стационарға жатқызылған. Бүгінде оның 65-і шығарылды. Яғни, қазір карантинде 14 адам қалды. Олардың арасында Қытайдан, Италиядан, Германиядан және Оңтүстік Кореядан келгендер бар. Үйде 8 адам оқшауланған», - дейді ол.
Басқарма басшысының айтуынша, Шығыс Қазақстанда бірде-бір коронавирус жұқтыру фактісі тіркелмеген.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да күніне 100 мың дана медициналық маска шығарылатыны хабарланған.