НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1737 жүкті әйел ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы ревакцинациялау науқаны жалғасуда.
«Бүгінгі таңда аймақ бойынша 438 609 адам ревакцинациядан өтті. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 528 бала бар. Сондай-ақ 1737 жүкті және 945 бала емізетін әйел үшінші рет вакцина алған», - делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, облыста 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациялануда. Қазір осы санаттағы 18 мыңға жуық адам ревакцинациядан өткен.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.