ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, биыл өңір бойынша 952 мың шаршы метр баспана салынып жатыр. Бұл мақсатта 190 млрд теңге жұмылдырылған. Оның ішінде 650 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үйді салу үшін 150 млрд теңге жеке инвестиция тартылды.
«Өткен жылы көпбалалы отбасылар үшін 3 млрд теңгеге 228 пәтер салынды. Биыл тағы 203 көпбалалы отбасы баспаналы болмақ. Оның ішіндегі 145 отбасы ауылда тұрады», - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Сондай-ақ ол Президенттің халықты 2025 жылға дейін орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жыл соңына дейін 22,3 млрд теңгеге іске асырылып жатқан 24 жобаның 13-і мәресіне жететіндігін жеткізді.
Осылайша, қазір ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту көрсеткіші 95,4 пайызды құраса, 2023 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 97,1 пайызға жетпек.