Шығыс Қазақстанда 2000 мемлекеттік мекеме күрделі тексеруден өтеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да 2000 мекемеге күрделі тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аltaynews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  ШҚО бойынша департаменті басшысы Жанна Қабдолдақызы хабарлады.

Департамент басшысы аймақта мемлекеттік орган ғимараттарының нормативтерге сәйкестігін анықтау үшін арнайы тексеріс жүргізілетінін айтты.  

«Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен формализм мен бюрократияны төмендету, түрлі отырыстардың ұзақтығын қысқарту бойынша шаралар қабылданады», - деді Жанна Қабдолдақызы.

Ол cондай-ақ 2020 жылдың соңына дейін мемлекеттің қызметтің 90 пайызы автоматтандырылатынын атап өтті. Спикердің пікірінше, осы және басқа да шаралар тұрмыстық жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл ауқымды іске бүкіл қоғам атсалысуы тиіс.