ШҚО Ақпарат орталығының мәліметінше, өңірде мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешу үшін білім ордалары құрылысының қарқыны артпақ. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін 33 жаңа мектеп бой көтереді.
«Сондай-ақ мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мәселенің маңызы әсіресе пандемиядағы онлайн оқыту форматы кезінде айқын көрінді. Осы ретте, шалғай елді мекендерге ғаламтор тартуға басымдық берілген», - делінген хабарламада.
Жоспарға сәйкес жалпы саны 600 мың тұрғыны бар 1 мыңнан астам ауылда интернет сапасы жақсармақ.