Құтқарушылар 1991 жылғы жігіттің денесін судың астынан 3,5 сағаттан астам уақыт іздеген. Ол Оба өзенінің жағасында, Шемонаиха қаласынан 6 шақырым жерде демалып жүрген. Шомылуға кетіп, бір кезде суға бата бастаған. Оған көмекке бір әйел асықты, бірақ батып бара жатқан ер адамға жете алмады.
«Оқиға орнына келген құтқарушылар ер адам батып кетуі мүмкін орынды тексеріп шықты. Жағадан 50 метр жерде тереңдігі 6 метр үлкен ор бар. Сүңгуірлер осы жерді тексерді, бірақ суға батқан ер адамның денесін таба алмады», - деп түсіндірді ведомстводан.
Ер адамның денесін жергілікті тұрғын құтқарушылар іздеген жерден төмен қарай 5 шақырым қашықтықтан тауып алған. Ер адамның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Департамент облыста негізінен ер адамдардың суға батқанын атап өтті, суға батқан 22 адамның 20-сы – ер адамдар. Оған негізінен рұқсат етілмеген жерде шомылу, өз шамасын білмеу себеп болған.