ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.
«Аймақ бойынша аталған екпенің екінші компонентін 97 973 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 88 301 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 2186 жүкті және 7486 бала емізетін әйел екпе алды», - делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, облыста 50 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 23 651 адам үшінші рет вакцина алып отыр.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, жалпы Шығыс Қазақстанда 469 639 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өткен.