ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1 қыркүйек пен 11 қазан аралығында 58 оқушы жұқпалы дертке шалдыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, науқастардың 34-і кезекші сыныптарда білім алса, қалған 24 бала қашықтан оқыған.
«Нақты айтсақ, Алтай ауданында 11, Глубокое ауданында 10, Риддер қаласында 11, Семейде 7, Өскеменде 8, Көкпекті ауданында 5, Шемонаиха ауданында 2, Курчатов қаласында 2 және Күршім мен Катонқарағай аудандарында 1 оқушыдан коронавирус жұқтырды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.