Шығыс Қазақстанда 6 мың абонент жарықсыз қалды
08:41, 21 Желтоқсан 2009
ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше, желтоқсанның 20-сы күні кешке Семей қаласында 6 мың тұтынушы жарықсыз қалды.
Шығыс Қазақстан аймақтық электр компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қалалық №2 кіші стансыда қорғаныс жүйесінің автоматтық сөнуі салдарынан күш беретін трасформатор өшіп қалған.
Арнайы бригаданың күшімен жарық желісі 2 сағаттан кейін қалпына келтірілді - абоненттер резервтік желілерге ауыстырылды.
Компаниядан хабарлағандай, жабдықтың сөніп қалу себебі туралы толыққанды мәлімет трансформаторлық кіші стансыда тексеру жүргізілгеннен кейін беріледі.