Шығыс Қазақстанда 6 мың абонент жарықсыз қалды

ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше, желтоқсанның 20-сы күні кешке Семей қаласында 6 мың тұтынушы жарықсыз қалды.

Шығыс Қазақстан аймақтық  электр компаниясының  баспасөз қызметінен   хабарлағандай,   қалалық   №2  кіші стансыда   қорғаныс жүйесінің   автоматтық  сөнуі салдарынан     күш беретін   трасформатор       өшіп  қалған.

Арнайы  бригаданың  күшімен  жарық желісі  2 сағаттан кейін    қалпына келтірілді - абоненттер   резервтік желілерге ауыстырылды.

Компаниядан  хабарлағандай,     жабдықтың  сөніп қалу себебі  туралы  толыққанды  мәлімет  трансформаторлық   кіші стансыда  тексеру  жүргізілгеннен кейін    беріледі.