Шығыс Қазақстанда 7 ұялы телефонды түрмеге кіргізбек болған ер адам ұсталды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ұялы телефондар партиясын түзету мекемесіне кіргізбек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 32 жастағы ер адам 7 ұялы телефонды ауыр жүк көлігіне тиелген құмға жасырып өтуге тырысқан.

- ОВ 156/3 колониясының қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттарды кіргізу дерегінің алдын алды. Мекеменің өндірістік аумағына құм әкелген КаМАЗ көлігін тексеру кезінде скотчпен оралған екі түйіншек табылған. Оның ішінде жеті ұялы телефон мен 5 симкарта анықталды. Түйіншектерді құмға асыра ойластырылған айламен жасырған, - дейді түзету мекемесінің бастығы Тілеуберген Көнекбаев.

Аталған факті бойынша ер адам ҚР ӘҚБК-нің 481-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.




Соңғы жаңалықтар