ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан 840 тонна пішен жанып кетті.
«Өрт сөндірушілер апта сайын жем-шөп сақталатын жерлерде, пішен жиналған сарайларда шыққан қызыл жалынмен күресуге аттанады. Мұндай өрттер Үржар, Көкпекті, Жарма, Аягөз, Бесқарағай және Күршім аудандарында тіркелген. Көп жағдайда өрт шығуының негізгі себептері – отты абайсыз пайдалану және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, өрттің алдын алу мақсатында құтқарушылар шаруа қожалық иелері мен саяжай тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.