ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Абайдың 175 жылдығына орай 9 метрлік стелла орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімдігі таратқан мәліметке сүйенсек, Абай мен Шәкәрім бейнеленген стелла хакімнің Жидебайдағы музей-үйінің кіреберісіне орнатылған.
Биіктігі - 9,5 метр, ал жалпы салмағы - 3,5 тонна.
Стелла Жидебай деген жазуы бар ашылған кітап түрінде жасалған. Сондай-ақ онда Шыңғыстаудың таулары көрініс тапты. Ең жоғарғы жағында жұлдыз тұр.
Естеріңізге сала кетсек, Абай ауданы Қарауыл ауылында ұлы ақынның мерейтойына орай домбыра түріндегі саябақ салынып жатыр.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.