ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 2021 жылы «ҚазАвтоЖол» компаниясы Бесқарағай, Жарма аудандары мен Семей қаласы арқылы өтетін республикалық «Омбы-Майқапшағай» тасжолының учаскесі (Павлодар облысының шекарасы-Қалбатау кенті) бойынша қатынау жүк көліктері үшін ақылы болады. Жол қозғалысын бақылау арнайы жүйенің көмегімен жүзеге асырылады.
«Осы мақсатта өткен жылдың соңында инвесторлардың қаражаты есебінен аталған жол учаскесі бойынша 8 бақылау аркасы орнатылды. Қазіргі уақытта камераларды іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жүру бағасы 5-9 наурыз аралығында Семей мен Шар қалалары, Қалбатау кенті және Бесқарағай ауылында белгіленген қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін анықталады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.