2018 жылы Алакөлдің туристік базасын абаттандыруға және кейпін өзгертуге миллиард теңге бөлінеді. Алакөл мен Жалаңашкөлге (Алакөлдің маңайындағы балшықпен емдейтін жер) алып баратын жолды жөндеуге қосымша 900 миллион теңге бөліну жоспарланып отыр.
Жылдың соңына дейін Өскемен-Жалаңашкөл және Семей-Жалаңашкөл бағытында пойыздар алғаш рет жолаушыларды курортқа тасымалдамақ. Сондай-ақ, ШҚО әкімдігінде әуе тасымалдауды субсидиялау мәселесі қаралады.