ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының іргесіндегі таулы жерлерде алғашқы қар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Риддерде қар жауғаны жайлы фотосурет тарап кетті. Осыған орай «Қазгидрометтің» Шығыс Қазақстан облысындағы филиалына хабарласып көрдік.
«Риддер аумағына қар түскені рас. Бірақ қаланың өзінде жауған жоқ. Сондай-ақ метеостанцияда да қар түспеді», - дейді филиал мамандары.
Метестанция 800-900 метр биіктікте орналасқан. Ал қар жауған таулы жердің биіктікі – 1800-2000 метрді құрайды.
Фото: Алексей Наконечный
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.