Шығыс Қазақстанда Арыс балалары жазғы демалыстарын өткізуде

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде 174 мыңнан астам оқушы демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл облыстағыбалалардың 99,7 пайызын құрайды. Оның ішінде 33 582 (100%) көпбалалы және азқамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар екенін атап өткен орынды.

Бүгінде облыстағы990 сауықтыру және мектеп алды лагерьлері балаларға қызмет көрсетуде. Осыорайда биыл шығысқазақстандық балалар Арыстан келген балалармен қатар демалуда»,делінген хабарламада.

10 шілдеден бастапөңірге Арыстан келген 220 бала тынығуда. Ал 28 шілде мен 25 тамыз аралығындатағы да 80 бала келіп, Шығыс Қазақстанның әсем табиғатымен және киеліорындарымен таныспақ. Оларды мұнда қызықты бағдарлама күтіп тұр. Олар қызықты экскурсияға барып, концерттікжәне цирк бағдарламаларын тамашалайды.

Қазіргі таңдабалалар Катонқарағай ауданы, Приморск ауылында орналасқан «Арайлы Шығыс»,Семейдегі «Қарағайлы», Таулы Үлбідегі «Дарын», Глубокое ауданындағы Малоубинкаауылында орналасқан «Толағай», Үржар ауданы, Қабанбай ауылындағы «Үржарайым»,Ұлан ауданы, төменгі Тайынты ауылындағы «Болашақ» лагерьлерінде демалуда.


Әрбір лагерьдебалалардың қатысуымен түрлі спорттық жарыстар мен байқаулар, саxналық қойылымдаұйымдастырылуда.

Мәселен, Абайдың175 жылдығына орай өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оған Арыс қаласынан келгенбалалар белсене қатысты. Бұдан бөлек балалар музейлерді аралайды. Кинотеатрғабарып, Өскемен мен Семейдің, сондай-ақ аудан орталықтарындағы мәдени демалысорындарына барып, тынығады. Әсіресе, олар «Жидебай Бөрілі» мемориалдық музейқорығындағы Абай мен Шәкәрім, сондай-ақ ашық аспан астында орналасқан «Берелқорғандары» сынды киелі орындарға барып, ерекше әсер алып қайтты.


«Лагерьге келген 10күннің ішінде біз екі күнімізді саяxаттауға арнадық. Одан естен кетпес әсералдық. Таңғы сағат бесте Жидебайға аттандық. Ондағы Абай музейінен ерекшетаңданыспен оралдық. Бұдан соң Еңлік-Кебек ескерткішіне бардық. Сөйтіп, қосғашықтың ескерткішінен мол ғибрат алдық. Кейін Күшікбай батырдың жерленгенорнына барып, үлкен әсер алдық», - дейді Семейдегі «Қарағайлы»лагерінде демалып жатқан Арыс қаласынан келген Ахмет Жайсан.

Арыс қаласынанкеліп, «Дарын» лагерінде демалып жатқан балалармен облыс әкімінің орынбасарыӘсем Нүсіпова кездесіп, жылы лебізін білдірді. Бұдан соң облыс әкімініңорынбасары балаларға естелік сыйлықтардытабыс етті.

«Біздің өңірде Арысқаласынан келген балаларды көргеніме қуаныштымын. Балалар еліміздегі ең көріктіжерлердің бірі - Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай, Таулы Үлбі, Тайынты,Қарағайлы сынды орындарда демалуда. Бұл жерлерде балалар демалып қана қоймай,әртүрлі бағыттағы шараларға қатысуда. Қызықты тарихи жерлерге барып, білім көкжиектерін кеңейтуде. Бүгін қонақжайxалқымыздың дәстүріне байланысты Арыс қаласынан келген 300 балаға ШығысҚазақстан облысының әкімі Даниал Аxметовтің атынан спорттық киім жиынтығын,спорттық аяқ киім тарту етіледі», - деді Әсем Бекқызы.

Айта кетейік,Арыстан келген балаларға шығысқазақстандық дәрігерлер тиісті медициналық көмектүрлерін көрсетті. Олар әрбір баланың денсаулығын тексерді. Кейін балаларғакешенді емдеу шараларын жүргізді. Сондай-ақ балалармен жоғары біліктіпсиxологтар мен тәлімгерлер жұмыс істеуде.