ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында әйел адамды КамАЗ қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жуықта КамАЗ көлігінің жүргізушісі жолға шығып кеткен әйелді қаққан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 46 жастағы тұрғын дене жарақаттарымен Шемонаиха аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Әйелдің мас күйде болғаны анықталып отыр», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.