Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ орнап, жел күшейеді.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында 22-27 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 30 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қарлы бұрқасын болады, Жарма ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, Қызылорда облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ты құрайды.