Шығыс Қазақстанда базарлардың санитарлық жағдайларының мәселелерін шешетін комиссия құрылады
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Өскемендегі «Тала» және «Дина» базарларында болғаннан кейін, базарлардағы жалпы тәртіпкке жауап беретін құрылымдардың өкілдерінің қатысуымен өткізген кеңесте осындай шешім қабылданды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Базарлардағы санитарлық жағдайдың сын көтермейтінін атап көрсеткен әкім, сатушылар үшін жағдайдың жасалмағанын және базар кешендерін тіркеу жөніндегі түрлі заңбұзушылықтарға жол беріліп отырғанын баса айтты.
Ағымдағы жылдың көтемінде облыс орталығының базарларына жасалған осындай бір рейдтен кейін әкім, жағдайды реттеу туралы тапсырма берген болатын. «Жұмыс басталған сыңайлы болған, бірақ кейіннен бәрі «баз баяғы» қалпына келді», - деп атап көрсетті Б.Сапарбаев.
Сондай-ақ, көше саудасы мәселесі де күн тәртібінен түспей отыр. Базарлардағы баға мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.