«Қазіргі уақытта оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 141-бабы 2-бөлімінде қарастырылған («Балалардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді лайықты атқармау») бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген ШҚО ІІД-нің хабарламасында.
18:29, 14 Тамыз 2017
Шығыс Қазақстанда бесік арбада көз жұмған нәрестенің өлімі тергелуде
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауылының тұрғыны 12 тамыз күні өз үйінде үш айлық нәрестесін өлі күйінде тапты. Анықталғандай, бесік арбада ұйықтап жатқан сәби етпетінен аунап, тұншығып қалған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.