ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген егіз балалар саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың басынан өңір бойынша жарық дүние есігін ашқан егіз саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда біршама артты.
«Өткен жылы облыста 200 егіз және екі үшем дүниеге келген. Ал 2022 жылдың бір айында 23 егіз және 1 үшемнің кіндігі кесілді. Жалпы соңғы бір жылда Шығыс Қазақстанда барлығы 22 596 бала туды», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, өңірде «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКО арқылы тұңғыш нәресте жарық дүние есігін ашқан болатын.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.