ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 14 наурызда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы басталған. Бір күн ішінде 38 қылмыс тіркеліп, оның 27-сі ашылды. Сондай-ақ бұрын жасалған 10 қылмыс ашылған.
Іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталып, есірткі заттарын сақтаудың 2 фактісі анықталды. Бұдан бөлек, полицейлер заңсыз сақталған 6 қаруды тәркілеген.
«Мәселен, Бородулиха ауданының 63 жастағы тұрғынының үйінен 16-калибрлі тегіс ұңғылы 1958 жылғы аңшы мылтығы табылды. Ер адам бұл қаруды 2019 жылдың күзінде Үбе өзенінің жағасынан тауып алғанын жеткізді. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды», - делінген ақпаратта.
Бір тәулік ішінде 1711 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде ұсақ бұзақылық – 208, қоғамдық орында мас күйде жүру – 287, ішімдік ішіп рульге отыру – 17.