ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл құтқарушылар көлікті шарпыған 143 өртті сөндірді. Соның салдарынан келтірілген шығын мөлшері 32 миллион теңгені құрады.
- Мәселен, Өскеменде 1994 жылы шыққан «Audi 80» маркалы автокөлік жүріп келе жатып өртенген. Тілсіз жау мотор бөлшектерін, аспаптар панелін, салон мен доңғалақтарға жайылды. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған жалынды толықтай ауыздықтады, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Құтқарушылардың дерегінше, көліктегі өрттердің негізгі себептері - көліктегі электр жабдықтарының ақаулығы және электрмен жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.