ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылы 36 ауылға ауызсу тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.
«Осы жылы таза ауызсумен қамтамасыз етілген ауылдардың санын біршама арттыруымыз керек. Жоспар бойынша 36 ауылға ауызсу тартылады. Нәтижесінде 11 мың ауыл тұрғыны ауызсумен қамтылады», - деді аймақ басшысы.
Бүгінде елді мекендердің 81%-ы ауызсумен қамтамасыз етілген. Өткен жылы ауылдарға 77 блок-модульдік станция орнатылыпты. Биыл осындай - 50, 2021 жылы - 49 станция орнату жоспарланған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.