ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы жылы өңір бойынша 3620 адамды кене шақты. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны – 1248.
«Сондай-ақ кене энцефалиті мен иксодты кене боррелиозы табылған 20 азамат ауруханаға жатқызылды. Стационар жағдайында ем-дом қабылдаған олар толықтай жазылып шыққан. Кене энцефалитімен сырқаттанғандар негізінен Катонқарағай ауданы мен Риддер қаласында тіркелді», - делінген ақпаратта.
Өткен жылмен салыстырғанда кене шаққандар саны 4,6 пайызға азайған. Профилактикалық мақсатта кене энцефалитінің вирусына қарсы иммуноглобулин 2943 адамға салынған.