ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты екі жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынды.
«25 қараша күні сағат 10.30-дан бастап «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының
38-60 шақырымында («Алтай Альпісі» демалыс базасы мен Северное ауылының арасы) және Өскемен қаласының іргесіндегі Новотроицкое ауылына кіреберіс жолдың 0-22 шақырымы көліктің барлық түріне жабылды. Бұған боран, қатты жел мен жолдың дұрыс көрінбеуі себеп болып отыр», - делінген ақпаратта.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.