ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде осыған дейін жабық болған екі жол қайта ашылды.
«Облыстық маңызы бар «Алтай Альпісі–Северное ауылы» тасжолының 38-60 шақырымы және республикалық маңыздағы «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-123 шақырымы (Глубокое ауылы мен Шемонаиха қаласының аралығы) көлік құралдарының барлық түрі үшін ашылды», - делінген ақпаратта.
Ведомство дерегінше, Шығыс Қазақстанда 3 жол әлі жабық тұр. Атап айтқанда, Өскемен қаласы мен Новотроицкое ауылының аралығы, Шемонаиха қаласы мен Үлкен өзен ауылының аралығы, Тайынты ауылынан Самар ауылына кіреберіс жол.