НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысында жол уческесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ Telegram-каналына сілтеме жасап.
«Шығыс Қазақстан облысында 08.03.2021 күні 21:00 сағаттан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран соғып, жолдың көрінбеуі) «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» автожолында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды: 15-102 км, Глубокое ауылы мен Шемонайха қаласы аралығындағы жол бөлігі; 105-123 км, Шемонайха қаласы мен РФ шекарасы аралығындағы жол бөлігі» делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жол жабылғаны туралы хабарлаған едік.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.