Еске салсақ, 23 мамырда Огневка кенті ауданында жергілікті тұрғындар өлі балықтар жағаға шығып қалғанын байқаған. Экологтар өзеннен сынама алып, 18 химиялық заттың бар-жоғын тексерді. Барлық көрсеткіш рұқсат етілген норма шегінде болып шықты.
Ғылыми ұйым ихтиологиялық сараптама жүргізді. Қорытындыға сәйкес өлім-жітімге әкелетін механикалық зақымдану анықталды.
«Балықтардың қырылуына Бұқтырма ГЭС қызметі ықпал еткен. - деп хабарлады ШҚО табиғатты қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі. - ГЭС қызметінің теріс ықпалы бөлігіндегі заң бұзушылықты жою, сондай-ақ келтірілген зиян сомасын айқындау мақсатында табиғатты қорғау прокуратурасы аумақтық инспекцияға тиісті тексеру жүргізу туралы ұсыным енгізді».