ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңірге есірткі құралдарын жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері облыстың екі тұрғынын қолға түсірді. Белгілі болғандай, олар гашиш жеткізумен айналысқан.
«37 жастағы екі ер адам қылмыс үстінде ұсталды. Тінту барысында олардың автокөлігінен және үйлерінен жалпы салмағы 1,7 келіден асатын гашиш тәркіленді. Бұл шамамен мың бір реттік дозаға тең», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.