Шығыс Қазақстанда «Халық үні» жобасы таныстырылмақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Халық үні» жобасы таныстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы жоба бастамашысы, адвокат Айман Умарова мәлімдеді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында қолға алынған «Халық үні» жобасының таныстырылымы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында өткізіледі. Жоба аясында өңір тұрғындары әлеуметтік-құқықтық мәселелерге қатысты жауап ала алады. Біздің мақсатымыз - ашық пікірталас алаңдарында қоғамдық диалог жүргізу», - деді ол.

Айта кетейік, шара Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы орталық кітапханада өткізілмек.