Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындар саны бойынша жалпы республикалық көрсеткіштің 8%-ын құрайды және Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы және Алматы қаласынан кейінгі төртінші орында тұр.
Шығысқазақстандықтардың дені немесе 61% - қалада, қалған 39% ауылда тұрады. Жалпы халық санының (2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша) 660,7 мыңы - ерлер (47,7%) және 725,5 мыңы - әйел адамдар (52,3%).